АЛМАТЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ жұмысшылар форумы

АЛМАТЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ жұмысшылар форумы

2019 жылдың 19 тамызы жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Алматыда білім беру қызметкерлерінің форумы өтті.

Форумның пленарлық отырысына Алматы қаласының әкімі Б.А. Сағынтаев, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі Аймағамбетов А.К., «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» қоғамдық қоры директорының орынбасары С.В. Мурзабекова, Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің доценті Д. Билялов, Алматы қаласы Білім департаментінің қызметкерлері, қала аудандарының әкімдері, білім беру ардагерлері, мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы, сондай-ақ арнайы шақырылған қонақтар, оның ішінде ҮЕҰ өкілдері, білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесінің мүшелері және ата-аналар комитеттері қатысты.
Форумда 2018-2019 оқу жылының қорытындысы шығарылып, жаңа 2019-2020 оқу жылына арналған стратегиялық міндеттер айқындалды.
 
Алматы қаласының білім беру жүйесін одан әрі дамытуға ерекше назар аударылды.
 

Форумға қатысушылар алдында Алматы қаласының әкімі Б.А. Сағынтаев, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.К. Аймағамбетов.Отырыста негізгі баяндаманы Алматы қаласы Білім басқармасының бастығы Г.М. Ходжабергенова
Форумда білім беру қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапаттау - «Ыбырай Алтынсарин» және «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілері, сондай-ақ Алматыдағы үздік білім беру ұйымына гранттар тапсыру рәсімі өтті.
WhatsApp