Саясат

Саясат

Саясат

Мектептегі оқу-тәрбие үдерісін педагогикалық ұжымның қызметін жоспарлау кезіндегі негізгі басты құжаттармен реттеледі.

Мектеп оқыту стандарттарын енгізудің барлық кезеңдерінде бірыңғай білім беру кеңістігін құру мақсатында негізгі міндеттерді, мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеу әдістеріне оқушыларды, мұғалімдерді және ата-аналарды қоса отырып, қамтамасыз ететін бірыңғай қағидаларға сүйенеді.

Тіл саясаты

Бұл құжат мектепте тіл үйрету және оны оқыту тілі ретінде пайдалануды басшылыққа алатын лингвистикалық перспективаларды, принциптер мен практиканы сипаттайды және реттейді. Ол оқу жоспары тілдерді оқып үйренуде, оның ішінде мемлекеттік тілдің құрылымы қалай құрастырылғанын түсіндіреді және ата-аналарға тіл саясаты мен «Сенім» жекеменшік мектебінің оны практикада қалай пайдаланатыны туралы ақпарат береді.

Бағалау саясаты

Бағалау процедураларын оңтайландыру үшін оқушылардың жетістіктерін бағалау және есепке алу процесі шынайы және оңай болуы керек.

Сонымен қатар, мұғалімдер бірыңғай талаптарды басшылыққа алады және мемлекеттік білім стандарттарында, типтік оқу бағдарламаларында және бағалау саясатын реттейтін құжаттарда сипатталған жалпы қабылданған бағалау әдістеріне (тәжірибешілерге) ие.

Сапалы білімге қол жеткізу саясаты

Егер оқушы өзінің максималды деңгейінде оқып, тәрбиеленсе, білім алу сапасы да жоғары болып саналады. Оның білім алу нәтижелері басқа оқушының нәтижелерімен емес, өзінің алдыңғы нәтижелерімен салыстырылады. Оқыту сапасын бағалау оқушыға МЖМБС ұсынған критерийлер негізінде жүзеге асырылады. Бұл құжат әрбір оқушының заманауи білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету және білім беру сапасы бойынша үздік нәтижелерге жету үшін педагогикалық қызметкерлердің қызметінде негіз болып табылады.

Оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын қорғау саясаты

Бұл оқу құралы оқушылардың және білім беру мекемесінің қызметкерлерінің денсаулығын сақтауда, нығайтуда жаңа әдістер мен инновациялық идеяларды ескере отырып, құрастырылған.

Мектептің маңызды міндеттерінің бірі оқушылардың зияткерлік қабілеттерін, даралығын, қызығушылығын, дүниетанымын және шығармашылық әлеуетін ескере отырып, оқушылардың дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау болып табылады.

 

Академиялық адалдық саясаты

Арнайы білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға сапалы білім беруді қамтамасыз ету саясаты

Бұл құжат оқушыларға арнайы білім беру қажеттіліктеріне қолдау көрсетудің тетіктері мен ережелерін реттейді:

Оқушыларды мектепке қабылдау саясаты

Бұл құжат «Сенім» ЖМ мектебінде оқығысы келетін окушыларды қабылдау ережелерін реттейді.Қабылдау саясатында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған қабылдау критерийлерін анықтайтын шектеулер бар. Мектепке оқуға түсу кезінде ата-аналар өздери мақұлдайтын ең жақсы нұсқа болып табылатын Мектеп тұжырымдамасына, басқару командасы мен педагогикалық ұжымына сенім артады.

 

WhatsApp