Балабақшасы

Балабақшасы

Балабақшада 2,5 жастан 5 жасқа дейінгі аралықта қабылданады. «Балапан», «Балбөбек» бағдарламаларымен балаларға білім береміз. Балалар бес сала бойынша білім, тәлім – тәрбие алады. Балабақшада өтілетін сабақтардың тізімі: Дене шынықтыру, қауіпсіз мінез – құлық негіздері, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, сауат ашу негіздері, қазақ тілі, орыс тілі, драма, сенсорика, математика, құрастыру, жапсыру, мүсіндеу, сурет салу, музыка, қоршаған ортамен таныстыру, экология негіздері, өзін-өзі тану сабақтары өтеді.

Қосымша сабақтар: би, шахмат, логопед, психолог, ағылшын тілі, домбыра. Балабақшамызда балаларды мейірімді, шыншыл, қамқор болуға дағдыландырамыз. Үлкендермен және өздерінің достарымен қарым – қатынастарын дамытуға жағдай асаймыз. Балалардың қызығушылықтарын арттырамыз, ойын арқылы таныстыру, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырамыз. Өз ойын жеткізе алатын, ынтасы жоғары тұлға қалыптастыру – біздің басты міндет.

Балабақшаның күн тәртібі

8.00.- 8.30. Балаларды қабылдау.

8.30.-8.45. Ертеңгілік жаттығу.

8.45.-9.00. Таңғы ас.

9.10.-10.30. Оқу іс – әрекеті.

10.40.-10.50. Екінші ас.

11.00.- 12.00. Серуенге шығу.

12.00.-12.15. Тазалық.

12.20.-13.00. Түскі ас.

13.00.-15.00. Ұйқыға жатқызу.

15.10. Ұйқыдан әуен ырғағымен және дене қимылдары мен тұрғызу, беті қолдарын жуу.

15.20.-15.30. Бесін шәй.

15.30.-16.40. Балалар өздерінің қалауымен ерінді ойындар, қимылды, сюжетті, рольді ойындар ойнайды.

16.50.-17.00. Тазалық.

17.00.-17.20. Кешкі ас.

17.30.-18.00. Үйге қайту.

WhatsApp