Директор

Мектеп директоры
Канаева Щамщия Захаровна

Қош келдіңіздер!

Қазақстан Республикасының «Білім беру үздігі» мемлекеттік наградалары бар, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Алматы қаласының әкімі дипломдарымен марапатталған.

Мемлекеттік марапаттар:

Д.А. Қонаев атындағы орден,  өскелең ұрпақтың мәдениетін және білімін дамытуға қосқан үлесі үшін. Халықаралық ғылым академиясының ұйымдастыру комитетінің шешімімен марапатталған;

Ы. Алтынсарин медалі, Қазақстанда білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін;

ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың «Ерен еңбегі үшін» медалі,

Ресей Федерациясы, Ялтадағы мұғалімдердің І слетінен медаль

Мақату қағаздары мен Алғыс хаттар:

Білім министрлігінен құрмет грамота; рухани және әлеуметтік дамуына үлес қосқаны үшін. Білім министрі А.Сәрінжіпов.

Алматы қаласының әкімі А.Есімовтан құрмет грамота; Алматы қаласының дарынды балаларымен жұмыс жасағаны және дайындағаны үшін;

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Т.С. Сейдумановтан мақтау қағаз; Алматы қаласындағы білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін;

Білім министрі Ж. Түймебаевтан алғыс хат; Қазақстан Республикасы  білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін.

2001 жылдан бүгінгі күнге дейін –Үзіліссіз білім беретін «Сенім» жекеменшік мектебінің директоры.

2006  жылдан бүгінгі күнге дейін– Алматы қаласы жекеменшік білім беру мекемелерінің Президенті.

2013  жылдан бүгінгі күнге дейін – ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің лицензиялау комиссиясының мүшесі.

Мерейтойлық кезеңдер:

50 жыл педагогикалық еңбек қызметі

40 жыл Медеу ауданында жұмыс істеді

30 жыл басшылық лауазымда

Білім беру саласындағы басқа елдерден тәжірибе алмасу

1.  1990-1992 жж. – Мәскеудегі Р. Штайнер педагогикасы бойынша  мектеп басшыларының біліктілігін арттыру.

2.  1997 ж. – Хельсинки Еуропалық Форумы «Қазіргі білім беру жүйесін қалыптастыруда білімге, басымдық қағидаттарға және технологияға негізделген қоғам құру», Финляндия, Хельсинки қаласы.

3.  2008 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Санкт-Петербург технологиялық және дизайн университетімен ынтымақтастық.

4.  2010 ж. Каирде Египет білім жүйесімен танысу.

5.  2012 ж. «Диалог» ғылыми жобасы бойынша семинарға қатысу. Франция,  Париж қаласы.

6. 2012 ж. ГЛЮОН интеллектуалды клубының семинарына қатысу - дарынды балалармен жұмыс жасауда Қазақстан, Алматы және «Сенім» мектебінің іс тәжірибесін көрсету. АҚШ.

7.  2012 ж. «Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру» ТМД  мұғалімдерінің алғашқы халықаралық слеті. Мектеп директоры Қанаева Ш.З. дипломмен марапатталды. Украина Қырым түбегі, Ялта қаласы.

8.  2013 ж. Австрияның мектептегі білім беру жүйесі және арнайы орта білімімен танысу. Чехия,  Прага қаласы.

9.  2014 ж. Үзіліссіз білім беру жүйесі тәжірибесімен танысу және тәжірибе алу (мектепке дейінгі, мектеп, мектептен кейін) Жапония, Токио қаласы.

10. 2015 ж. Мектеп және кәсіптік білім беруді дамыту бойынша оқыту семинары. Англия, Лондон қаласы.

Оқушыларымыздың жетістіктері

1. 2010-11 оқу жылы. Греция, Крит қаласындағы «Қазақстанның экологиялық проблемалары» тақырыбында ғылыми жобаларды қорғау бойынша халықаралық байқауда  3 адамнан тұратын команда Ачилдиева Диана, Довнар Роман и Кали Айнура 3 бірінші орын алып келді.

2.  2011 ж. 4- сынып оқушысы Изтай Алмаз республикалық олимпиадада бірінші орынды иеленіп, «Жауынқұрттар өсімдік тамырының дем алуына қалай көмектеседі?» тақырыбында ғылыми жобасын қорғады.

3. 2013 ж. 5-8 сынып оқушылары арасындағы Мәскеу халықаралық математикалық олимпиадасы. Жеңімпаздар - 9 адам.

4. 2014 ж., маусым – Абрахманова Інкар мектепті алтын медальға бітірді.

5. Қараша 2014 ж.  9 –сыныптың  2 оқушысы - Изтай Алмаз және Мухаметкали Інжу өлкенің экологиялық мәселесі бойынша қалалық олимпиадада 3 орын алды.

6. Желтоқсан 2014 ж. Кембридждегі ағылшын тілінен «EF» олимпиадасы, қатысушылар - 4-9 сынып оқушылары. Жеңімпаздар - 23 адам.

7. 2015 - наурыз. Алматы қаласындағы музыкалық мектептерінің, Мирас, Хейлибери және Сенім жекеменшік мектептерінің  арасында жыл сайынғы пианистер байқауында біздің 4 оқушы үш оқушы бірінші орын және бір оқушы екінші орын алды : 1- сынып оқушысы Махмудова Томирис - 1 орын; 4 сынып оқушысы  Мухаметкали Нурай - 1 орын; 9 сынып оқушысы Мухаметкали Інжу – 1 орын, 6-сынып оқушысы Ахмарова Медея -2 орын.

8. Алматы қаласының 1000 жылдығына, «Медеу-2020»,  «Сенім» ЖМ  оқушылары «Алматы - менің махаббатым» бейнеролик жобасында жүлделі орындарға ие болды.

 9. 2016 ж. ҰБТ бойынша орташа ұпай -108 ұпай.

10.2015 ж. Басқа елдердің тәжірибесімен бөлісу және «Сенім ЖМ білім берудегі жетістіктерін көрсету.

11. 2017-2018 оқу жылы. Мектеп бітіруші 12 түлектің үшеуі  «Алтын  белгі» белгісімен және үшеуі ерекше аттестатпен бітірді.